Abstract:The novel cationic hydrogels based on N-isopropylacrylamide (NIPAAm) and N-(2-vinyloxyethyl)-N-(2-cyanoethyl) amine (VOECEA) were synthesized for the first time by radical copolymerization. The composition of copolymers were determined by using IR spectroscopy.
2-гидроксиэтилакрилат пен метилметакрилат сополимер гидрогельдерінің полиакрил қышқылымен интерполимерлі комплекс түзу заңдылықтары зе рттелген. Комплекс сутектік байланыстар арқылы түзетіні жəне комплекске температураның, полиакрил қышқылының концентрациясы, молекулалық массасы əсер ететіні зерттелген.
Structuring action of a sodium humate, polyethyleneimine and them complexes on theҚазіргі таңда термосезімтал полимерлер арасында ғылыми жəне практикалық жағынан үлкен қызығушылық туғызатын, сулы ерітінділерінің төменгі критикалық еру температурасы (ТКЕТ) бар полимерлер жатады. Мұндай макромолекулалардың құрылымында суда ерігіштігін қамтамасыз ететін функционалды гидрофильді топтары, сонымен қатар гидрофобты фрагменттері болады. Температураны өсіргеннен гидрофобты əрекеттесулер артады жəне термосезімтал полимер -су жүйесінде əр түрлі критикалық құбылыстар жүреді: сызықты макромолекулалар үшін бұл екі фазаға жіктелумен жүреді -полимермен сұйытылған жəне қоюланған орта, полимерлі торлар үшін -термоиндуцирленген коллапспен, басқаша айтқанда белгілі бір температурада ондаған жəне жүздеген рет гель көлемінің бірден сығылуымен жүреді /1-3/. Авторлармен радикалды сополимеризация əдісімен 2-гидроксиэтилакрилат (ГЭА) жəне метилметакрилат (ММА) негізінде жаңа суда ісінетін термосезімтал сополимерлер алынды /4/. Алынған гидрогельдер температураға сезімталдығы жəне оның өсуімен контракцияға ұшырайтыны көрсетілген. Осы жұмыста гидрогельдердің ісіну қабілеттілігіне иондық күштің əсері зерттелді.Тəжірибелік бөлім ГЭА жəне ММА негізінде тігілген сополимерлерді заттық иницирлеу əдісімен радикалдық полимерлеу арқылы алған. Инициатор ретінде азо-бис-изо май қышқылын қолданған. Тігілген сополимерлер алуда тігуші агент ретінде МБАА қолданған /4/.Полимерлі гидрогельдердің бірқалыпты ісіну дəрежесі келесі формуламен анықталады: = (m-m 0 )/ m 0 , мұндағы m -гидрогельдің бірқалыпты ісінгеннен кейінгі массасы, m 0 -құрғақ гельдің массасы.Полимерлі гидрогельдердің салыстырмалы көлемін В-630 катетометр көмегімен өлшеп жəне v/v 0 қатынасымен бағалаған, мұндағы v 0 жəне v -синтез кезіндегі үлгілердің көлемі жəне берілген жағдайдағы бірқалыпты ісіну күйі. Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылауПолимерлі гидрогельдерді қолдану аймағын арттыру үшін олардың иондық күште ісіну қабілеттері зерттелген. ГЭА-ММА сополимер гидрогелдерінің иондық күшінің əсерінен ісіну кинетикасын зерттеу барысында күшті кішімолекулалы электролит əсерінен ісіну қабілеттілігі кемитіні, яғни уақыт өткен сайын гидрогель жиырылып, коллапс күйіне тез жететіні анықталған (1-сурет). Ол еріткіштің термодинамикалық қасиетінің төмендеуімен түсіндіріледі.Гидрогельдердің құрамындағы гидрофобты ММА мөлшері де ісіну қабілетіне үлкен əсерін тигізеді. Судағы ісіну дəрежесі сияқты, кіші молекулалы күшті электролиттің қатысында гидрофобты
Жұмыста алғаш рет N-изопропилакриламид (НИПААм) және N-(2-винилоксиэтил)-N-(2цианоэтил) амин (ВОЭЦЭА) негізіндегі жаңа суда еритін катион типті сополимерлер заттық иницирлеу жолымен радикалды сополимерлеу арқылы синтезделіп алынды. Синтез спирттік ерітіндіде герметикалық жабық молибден шынысынан жасалған ампулада 60°С температурада 2 сағат жүргізілді. Инициатор ретінде 2,2'-азобисизобутиронитрил (АИБН) қолданылды. Алынған сополимерлер қайнаған суда екі рет тұндырылды және 24 сағат бойы вакуумды кептіргіште кептірілді. Сополимерлердің құрамындағы функционалды топтарды анықтау мақсатында НИПААм-ВОЭЦЭА сополимерлерінің инфрақызыл спектрлері түсірілді. Сополимерлердің термиялық деструкциясын зерттеу мақсатында термогравиметриялық талдаулар жүргізілді. БМҚ НИПААм буындары аз сополимерлер үшін ыдырау төменірек температураларда басталатыны анықталды. Бұл массаның жоғалуы сополимер құрамындағы азот топтарының деструкциясы және ВОЭЦЭА буынындағы топтардың ыдырауымен түсіндіріледі. Яғни ВОЭЦЭА буындарының тізбегінде оттектің болуы сызықты сополимерлердің төмен температураларда ыдырауына жағдай жасайды. Сонымен қатар, жұмыста НИПААм-ВОЭЦЭА негізіндегі сызықты сополимер үшін дифференциалды сканирлеуші калориметрлік талдаулар жасалды. НИПААм-ВОЭЦЭА суда еритін сополимер үлгілерінің шынылану температуралары (Т ш) дифференциалды сканирлеуші калориметр құралының көмегімен өлшенді. Сополимер құрамында НИПААм буындарының артуымен Т ш жоғарылайтыны анықталды. Бұл сызықты полимер тізбегінің шумақталуымен және НИПААМ буынының қатаңдығымен түсіндіріледі. Түйін сөздер: N-изопропилакриламид; N-(2-винилоксиэтил)-N-(2-цианоэтил) амин; катионды сополимерлер; термосезімталдық.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
hi@scite.ai
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.