Бұл мақалада жүректің қабаттарына сәйкес қан тамырлары ерекшеліктерінің сыртқы факторлардың әсеріне байланысты зерттелуі жүректегі ангиогенез үдерісін жан-жақты түсінуге, жүректің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылыстарын негіздеуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты. Тәжірибелік жағдайда бихромат натрий және линданның созылмалы әсерінде миокардтағы қан тамырлары тығыздығының ерекшеліктерін сол жақ қарынша қабырғаларының көрсеткіштеріне сәйкес зерттеу. Материал және әдістері. Тәжірибелік жұмыс: зерттеу дизайны тәжірибелік салыстырмалыбақылаулы, P. Houpert, S. Frelon 2005 протокол бойынша 2 серияда жүргізілді. Тәжірибелік жануарлар салмағы 20-30 г болатын 65 тексіз ер тышқандарға жүргізілді, 3 топқа бөлінді: 1 топ-бақылау; 2 топ-бихромат натрийдін әсері; 3 топ-хлорорганикалық пестицид-Линданның әсері. Зерттеуге тышқандардың жүрегі алынды. Нәтижелері және талқылауы. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бихромат натриймен линданның әсері жағдайында тәжірибелік жануарлардың ұрпақтарындағы болатын өзгерістерді талдау барысында химиялық косылыстардың ұзақ уақытқа созылатын әсерлерінің бар екенін көруге болады. Екі улану тобында да, сол жақ қарынша қабырғасының микроорганизациялық құрылымында бақылау тобымен салыстырғанда айқын өзгерістердің болмауы, бейімделу дәрежесінің көрінісі болуы, қан тамырларының көлденең кесіндідегі пішіндерінің ұзарып өзгеруі тамыр қабырғасындағы бұзылыстармен байланысты болуы мүмкін. Қан тамырларындағы сандық тығыздығының айқын өзгерісі болмағанмен, оның құрылысындағы өзгерістер, сапалық көрсеткіштерге әсер етуі мүмкін. Қорытынды. Сонымен, бихромат натрий мен линданның созылмалы әсері кезіндегі сол жақ қарынша қабырғаларындағы микроорганизациялық құрылымындағы морфометриялық көрсеткіштеріндегі өзгерістер уланудың бірінші айында қан тамырларының сандық тығыздығының артуымен қатар, диаметрлерінің біршама кішіреюімен көрініс берді. Бұл көрсеткіштердің осы өзгерістері уланудың екінші айында қарқын алып, сандық тығыздығының артуымен, ұсақ қан тамырларының пайда болуымен көрініс берді. Негізгі сөздер: миокард, сол жақ қарынша, қан тамырлар, бихромат натрий, хлорорганикалық пестицид-Линдан, тәжірибелік зерттеу.
Соңғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жүрек тініндегі бұзылыстардың негізінде миокардиальды және тамырлық қайта құрылулар мен олардың ақырында қалыптасатын жасушалардың жаңаруы және функциональдық қабілеттерінің өзгеруі маңызды фактор болып табылады. Осы механизмнің негізінде тіндік гомеостаздың реттеушісі -дәнекер тінді мес жасушалары, олардың өзгерістері және жасушалық жаңарудың бірден -бір көрсеткіші апоптоз үдерісі жатқандығы күмән тудырмайды.Зерттеу мақсаты. Сонымен, біздің зерттеуіміздің мақсаты хром қосындыларының қатарынан бихромат натрий мен хлорорганикалық пестицидтердің созылмалы әсерлері кезінде болатын миокардтағы иммуногистохимиялық көрсеткіштерге (CD117(RTU), P53(Ab-5) маркерлерін) салы-стыра отырып, талдау жасау.Материал және әдістері. Тәжірибелік зертханалық жануарлар виварийінен алынған 50 тексіз аналық және аталық ақ тышқандарға (10 бақылау, 40 тәжірибелік) жүргізілді. Тәжірибелік 2 зерт-теу тобында жүргізілді: 1) бихромат натрийдің (Na2Cr2O7) және 2) хлорорганикалық пестицидтің (C6H6Cl6) per os әсері [Kanburetal, 2007]. Зерттеу дизайны: салыстырмалы -бақылау тәжірибелік зерттеу, біз өзгерткен модификацияланған протокол (P. Houpert, S. Frelon, 2005) бойынша жүргізілді. Иммуногистохимиялық әдісі бойынша зерттеуге екі коммерциялық моноклоналды антиденелер пайдаланылды: CD 117 (RTU) «Thermo scintific» фирмасы және р53 (Ab-5) DO-7 RTU «Thermo scintific» фирмасы.Нәтижелері және талқылауы. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, CD117 экспрессиялаушы мес жасушаларының жағдайы кардиомиоциттердегі апоптоз үдерістеріне (р53 маркері) ықпал етеді. Уланудың 1-ші айында CD117 экспрессиялануы артуымен р53 бөлінуі де артып отыр, яғни созыл-малы улану жағдайында миокардтағы компенсаторлық үдерісіне сәйкес, жасушалар патологиялық жойылуды реттеу үшін апоптоздық механизмнің белсендіруімен байланысты болуы мүмкін.Қорытынды. Сонымен, миокардтағы анықталған иммуногистохимиялық көрсеткіштердің ішіндегі CD117 экспрессиялаушы жасушалар мен апоптоздық маркерлердің арасында өзара тәуелділік бар, сонымен қатар бұл көрсеткіштердің өзгерістері созылмалы улану нәтижесінде миокардтағы жауап реакциясы ретінде көрініс тауып отыр.Негізгі сөздер: миокард, CD117 экспрессиялаушы мес жасушалары, апоптоз, бихромат натрий, хлорорганикалық пестицид.
The immunohistochemical distribution and expression of the three markers in cardiomyocytes were evaluated in three groups of mice: a control group, mice exposed to 5 mg/kg b.w./day sodium dichromate (group A) and mice exposed to 100 mg/kg b.w./day lindane (group B). All mice were sacrificed after 2 months of chronic exposure to the chemicals. Hematoxylin eosin staining revealed thickening of the anterior walls and thinning of the posterior walls of the left ventricle. Anterior and posterior vessel wall densities increased by a factor of about 1.5 in group A and about 2 in group B compared to the control group. Posterior wall vessel diameters declined by a factor of 3.7 in group A and 2.9 in group B. Immunohistochemical staining showed that sodium dichromate was associated with significantly lower expression of CD117 (p = 0.019) and p53 (p = 0.002) than in controls, whereas VEGF expression increased (p = 0.03). In mice exposed to lindane, the results showed an opposite, though not significant trend, namely increased levels of CD117 and p53 and decreased levels of VEGF expression with respect to the control group. We observed significant changes in ventricular wall thickness, vessel density, vascular growth factor expression and mast cell apoptosis, directly correlated with exposure to lindane.
scite is a Brooklyn-based organization that helps researchers better discover and understand research articles through Smart Citations–citations that display the context of the citation and describe whether the article provides supporting or contrasting evidence. scite is used by students and researchers from around the world and is funded in part by the National Science Foundation and the National Institute on Drug Abuse of the National Institutes of Health.
customersupport@researchsolutions.com
10624 S. Eastern Ave., Ste. A-614
Henderson, NV 89052, USA
This site is protected by reCAPTCHA and the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.
Copyright © 2024 scite LLC. All rights reserved.
Made with 💙 for researchers
Part of the Research Solutions Family.