Соңғы жылдары аддитивті өндіріс (АӨ) деп аталатын 3D-басып шығару әдістері өнеркәсіптік өндіріс және прототиптеу салаларында дәстүрлі қолданулар шеңберінен асып шықты. Бұл мақалада энергия сыйымды (энергетикалық) материалдарға қысқаша шолу жасалады, сондай-ақ аддитивті өндіріс технологиялары үшін жиі қолданылатын материалдарға қысқаша талқылау берілді. Эксперимент барысында біз 3D басып шығару ыңғайлы энергия сыйымды материал термит алынды, ал байланыстырғыш ретінде нитроцеллюлоза таңдалынды. TERRA әмбебап бағдарламасы арқылы газдандыру үрдістеріне термодинамикалық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, әр түрлі қатынастағы энергия сыйымды материалдар зерттелді. Біздің мақсатымыз 3D басып шығаруға лайықты энергия сыйымдылығы жоғары материалды таңдау.